«Business Applications Solutions» ЖШС қазақстандық консалтингтік қызметтер нарығындағы озық компания болып табылады. Біздің міндетіміз — мемлекеттік және коммерциялық сектордың тапсырыс берушілеріне бизнес-процестерді басқарудың тиімді, сенімді, «мөлдір», икемді ақпараттық жүйелерін құруға арналған инновациялық шешімдерді ұсыну.
Клиенттердің тұтыныстарына қарсы қозғала отырып, біз басқарушылық консалтинг және кәсіпорынды басқаруды оңтайландыруға, компанияның бизнесіне қолдау көрсететін ақпараттық жүйені құруға және теңгерімді ІТ-құрылымын құруға бағытталған ақпараттық жүйелерді енгізу саласындағы қызметтердің толық жиынтығын ұсынамыз.
Біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары тапсырыс берушілерді сапалы қызметтермен және тиімді шешімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
- Тапсырыс берушінің тұтыныстарын түсіну. Бұндай ұстаным бизнес пен жобаның міндеттерін терең түсінуді қамтамасыз етеді. Қазақстандық және шетелдік балама кәсіпорындардың тәжірибесін пайдалану жоғары қызмет сапасына кепілдік береді.
- Озық әзірлеушілердің тәжірибесін пайдалану. Біз озық әзірлеуші компаниялардың тәжірибесін жинақтайтын шешімдер мен әдістемелерді пайдаланамыз. Осындай әрбір компания шешімінің нарық талаптарына сәйкес екендігін мұқият талдағаннан кейін ғана олардың әрқайсысымен әріптестік орнатылады.
- Тапсырыс берушінің жобаға қатысуы. Жобаға белсенді қатысуының арқасында тапсырыс беруші кәсіпорынның мамандары енгізілген шешімді әрі қарай дамытып, қолдауға қажетті тәжірибеден өтіп, білім мен дағды жинақтайды.
- Дамуға инвестициялар. Компания мамандарын оқытуға, зерттеу қызметіне және жаңа шешімдерді табуға ұдайы инвестициялар салуының арқасында өзінің жетекшілігі мен жоғары қызмет сапасын қамтамасыз етеді.


